Телефон

8 (7252) 43 50 23

Email
Адрес: г.Шымкент,

Абайский район, Жиделибайсын, 62в

549bcfe1-a1a7-4c5d-8ddc-80c28723fe1e
6
ebf4c446-c817-442e-8708-77dc7a326aea
22
3990b55d-d514-4c45-aa57-2873626a5807
5
2

 


№9 қалалық емханаға қарасты мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға психологоиялық және әлеуметтік кеңес беру

       №9  қалалық емханасына   қарасты мүмкіндігі шектеулі пациенттерге  психолог мамандарымен бірігіп, әлеуметтік  – психологиялық  қызметтер мен кеңестер беру.

Жағдайы төмен  отбасыларға әлеуметтік қызмет көрсетуге жақсартуға бағытталған жұмысты жүргізу және кеңес  беру, психологиялық қолдау.

Әлеуметтік қызметкерлерінің  2023 жылдың

атқарған II-тоқсанында,әлеуметтік-экономикалық көмекті қажет ететін 30 адамға еріктілер мен демеушілер тартылып көмек көрсетілді.

Медициналық  әлеуметтік потранаж  обьектілерінің  санитарлық – гигиеналық және әлеуметтік – құқықтық білім деңгейін арттыру.Денсаулық  жағдайын  динамикалық бақылау, салауатты өмір салтына бейімдеу, гигиеналық  талаптар мен ұсыныстарға сәйкес отбасы мүшелерінің санитарлық мәдениетін және дағдыларына қалыптастыру жөнінде әлеуеттік – тұрмыстық кеңес беру.

№9  қалалық емханасына   қарасты мектептерде оқитын жасөспірімдерге  салауатты өмір салтын ұстау мақсатында және де  адамгершілікке тәрбиелеуге , туу жасына жататын жасөспірімдерге емхана  гинеколог мамандарымен бірлесіп , семинар – тренингтер өткізу. Мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылық пен аутодеструктивті мінез – құлықты алдын алу мақсатында  дөңгелек столдар  , тренингтер өткізіп , әлеуметтік – педгогикалық , әлеуметтік–мәдени қызмет көрсету , әлеуметтік – психологиялық оңалту жұмыстарын жүргізу.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарға , көп балалы және аз қамтылған  отбасы мүшелеріне психологиялық  қолдау  көрсетіп, әлеуметтік – экономикалық кеңес беру.

Өмірлік қиын жағдайға душар болған тұлғаларға немесе оның отбасына психологиялық профилактика,психологиялық қолдау көрсетілді.Тұлғаның өзіне деген сенімінің,күшінің артуына,күрделі жағдайдан шығуына психологиялық қолдау көрсетілді.  Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды(отбасыларын) өзін-өзі күтуі,тұрмыс пен қоғамдық орындарда өзін-өзі дұрыс ұстауы,қоғамдағы жаңа өмірге бейімделе алуы туралы түсіндірме жұмыстарының жүргізіліуі.

Диспансерлік учетта тұрған балалардың денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында санаторий – курорттық емдеуді жүзеге асыруды қамтамасыз ету , егде жастағы азаматтарға арналған интернат үйлерге орналасуына көмектесу мен мүгедектерге арналған әлеуметтік сауықтыру орталықтарының оңалту бағдарламаларының орындалуын бақылау .

Қатерлі ісік дертіне  шалдыққан науқастарға паллиативті көмекті дамыту бағытына орай , мобильді бригадамен  паллиативті көмегін көрсету және туберкулез жұқтырған науқастарға және науқас балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу және психопрофилактикалық кеңес пен әлеуметтік психологиялық қолдау көрсету .

Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаға өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру , дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету және еңбек қауіпсіздігі , өндірістік санитария жөнінде әлеуметтік – еңбек қызметін көрсету .

Ауыр науқастарға , жалғызбасты қарттарға , мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға көмек көрсету үшін еріктілермен жұмыс жасау, оларды қолдау дағдыларына және әлеуметтік –психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру .

Әлеуметтік жұмыс бойынша қажетті құжаттамаларды жүргізу , жеке кеңес берулерді тіркеу , психолог мамандарымен бірлесе отырып мәліметтер  жасау.  Есептік және  сараптау  құжаттарын жүргізу.

ЕТА ақпараттық жүйесінен «жоспарлы емдеуге жатуға» жолдама беру бойынша есептік көрсеткіштер. Талдау 2023 жылдың оныншы айның бірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі.

ЕТА ақпараттық жүйесінен «медициналық ұйымға бекіту» бойынша есептік көрсеткіштер. Талдау 2023 жылдың оныншы айның бірінен басатап бүгінгі күнге дейінгі.

«ДамуМед» ақпараттық жүйесінен:
-Дәрігерді үйге шақырту;
– Дәрігердің қабылдауына жазылу;
– Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру;
– Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру;
– Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту;
– Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама;
– Санаторлы-курорттык емдеу қажетгілігі туралы қорытынды; бойынша есептік көрсеткіштер. Талдау 2023 жылдың оныншы айының бірінен басатап.